«Отандастар қоры» КеАҚ мен Шетелдегі корейлер істері агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

12 Қыркүйек 2025

Алматы қаласында  «Отандастар қоры» КеАҚ мен Корея Республикасының Шетелдегі корейлер істері агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Салтанатты қол қою рәсімі кезінде екі ұйымның өкілдері бұл оқиғаның тарихи маңыздылығын ерекше атап өтті.

Ынтымақтастық туралы меморандум екі елдің осы саладағы уәкілетті институттарының ресми әріптестігін бастауға жол ашып, Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының ортақ мүдделеріне сәйкес нақты нәтижелерге жеткізуге мүмкіндік береді.

«Отандастар қоры» КеАҚ мен Шетелдегі корейлер істері агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды