2140 ҚАНДАС – ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ!

07 Тамыз 2025

 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлерін жариялады!

Ерекше жаңалық – биыл 2140 қандасымыз мемлекеттік білім грантына ие болып, қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды! Бұл – тарихи Отанымен байланысын нығайтқысы келетін жастарға жасалған үлкен қолдау!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биылғы гранттардың 60%-ы инженерлік және техникалық мамандықтарға бөлінді. Бұл – еліміздің болашағы үшін маңызды салаларға білікті мамандар даярлауға бағытталған нақты қадам.

Жалпы биыл 77 мыңнан астам грант бөлініп, 99%-ы игерілді. Конкурсқа 113 мыңға жуық өтініш түсті.

Грант нәтижелері мен құжат тапсыру тәртібі туралы толық ақпарат:

www.testcenter.kz
https://grant.testcenter.kz

Құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет.

 Отан – білім ордасымен басталады! Құттықтаймыз, жас талапкер!

2140 ҚАНДАС – ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ!