2024 жылғы 14 қарашада ҚР Сингапурдағы Елшілігінің ұйымдастыруымен «Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Д.Р. Қадыров Сингапурдағы қазақ мәдени орталығының басшысы Султан Мареновпен кездесті.
Сингапурдағы қазақ мәдени орталығының басшысы Султан Маренов «Отандастар қорының» президенті Д.Р. Қадыровқа және Қазақстан Республикасының Сингапурдағы Елшілігінің өкілдеріне кездесу үшін ризашылығын білдіріп, Орталықтын қызметі туралы айтты. Сөз соңында, 2025 жылы Сингапурда, Наурыз мерекесі аясында қазақстандық әртістердің қатысуымен концерт ұйымдастыруды ұсынды. Өз кезегінде, залды жалға алу, техникамен қамтамасыз ету сынды мәселелерді орталық өз мойнына алуға дайын екенін айтты.