Халықтар достығы фестивалі аясында өткен халықаралық конференцияға «Отандастар қоры» өкілдері қатысты

Кеше

25-31 шілде аралығында Өзбекстанда өтіп жатқан Халықтар достығы фестивалі аясында ел аумағында мәдени-ағартушылық шаралар, шығармашылық кездесулер және концерттік бағдарламалар өткізілуде.

Осы шаралар аясында Ташкент қаласында «Ұлттық бірлікті нығайту – Жаңа Өзбекстан дамуының маңызды негізі» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырылды. Іс-шараға сенаторлар, депутаттар, ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілері, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ бірқатар шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Аталған конференцияға Қазақстаннан «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері де арнайы шақырылып, өзара ынтымақтастықты арттыру және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Жиында Өзбекстандағы ұлтаралық келісім мен достықты нығайту жолында атқарылып жатқан шаралардың маңызы жоғары бағаланды.

Халықтар достығы фестивалі аясында өткен халықаралық конференцияға «Отандастар қоры» өкілдері қатысты