Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2021 жылдан бастап 30 шілде – «Өзбекстан Халықтар достығы күні» болып жарияланған. Бұл мереке бүгінде бір апта бойы «Достық» фестивалі ретінде кең көлемде аталып өтуде.
Фестиваль барысында түрлі ұлттарға тән билер мен әсем ән-күйлер, қолөнер бұйымдары және мәдени көрмелер ұсынылып, елдегі бейбітшілік пен татулық рухы кеңінен насихатталды.
Іс-шараға Өзбекстан Республикасы Ұлттар арасындағы қатынастар жөніндегі комитет басшылығы, шетел мемлекеттерінің елшілері, ұлттық-мәдени орталықтардың белсенділері, сондай-ақ «Отандастар қоры» КеАҚ өкілдері қатысты.