KÓKSHE телеарнасының жаңалықтарында Jas Qazaq лагерінің салтанатты жабылу кешінен арнайы сюжет көрсетілді
«Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Данияр Қадыров екі аптаға созылған лагерь барысында балалар қазақ тілі мен тарихын үйреніп, ұлттық өнер мен қолөнерге қатысып, іріктеу арқылы келген үздіктер бір-бірімен бауыр басып, Қазақстанға деген рухани байланысын нығайтқанын атап өтті.
Лагерь қатысушысы Ақниет Өмірбекұлы алғаш рет Қазақстанға келіп, Бурабайдың көркем табиғатына, лагерьдегі достық атмосфера мен ұлттық мәдениетке толы бағдарламадан ерекше әсер алғанын айтты.
Толығырақ: KÓKSHE