"Жас қазақ күнделігі" мобилография байқауы

Кеше

"Жас қазақ күнделігі" мобилография байқауына қатысып бағалы сыйлықтарға ие болыңыздар!

Бейнежазбалар 2025 жылғы 17 шілдеге дейін  қабылданады.

Байқаудың негізгі шарттары:
1.⁠ ⁠«Jas Qazaq-2025» жазғы этно-лагері жобасының қатысушылары жазғы лагерь төңірегіндегі кез келген тақырыпта (лагерь, бағдарлама, достар және т.б) креативті бейнежазба түсіру қажет. Бейнежазбада ұйымдастырушы Отандастар қоры және IQanat мектебі туралы міндетті түрде айтылу қажет. 
2.⁠ ⁠«Jas Qazaq-2025» жазғы этно-лагері жобасындағы «Мобилография» және басқа да сабақтарда алған білімдерін іс-жүзінде қолдану керек.
3.⁠ ⁠Бейнежазбада жоба жайлы өздерінің ой-пікірі және алған әсерімен бөлісу қажет.


Шығармашылық жұмысқа қойылатын талаптар:
1.⁠ ⁠Бейнежазба санына шектеу қойылмайды; 
2.⁠ ⁠Әрбір бейнежазба ұзақтығы 3 минутқа дейін болу қажет;
3.⁠ ⁠Бейнежазбаларды +77471783938 Telegram/WhatsApp нөмеріне жолдауы тиіс (аты-жөні, жасы және тұратын елі мен қаласы туралы ақпаратпен қоса).
4.⁠ ⁠Сонымен қатар, байқауға жолданатын бейнежазбаларды қатысушылар өздерінің Instagram немесе Facebook әлеуметтік желісіне толық аты-жөні, жасы, тұратын елі мен қаласы жөнінде мәліметтерді қоса @otandastar_qory (Instagram), @OtandastarQory (Facebook) парақшасын және #Jasqazaq #Otandastar #Qandastar #Qazaqtar хэштегтерін белгілеп салу қажет

Байқаудың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады және бағалы сыйлықтар беріледі. 

•⁠  ⁠I орын –  Ноутбук 
•⁠  ⁠II орын -  Планшет 
•⁠  ⁠III орын -  Смарт сағат 

Барлық сұрақтар бойынша: +77471783938

Баршаңызға сәттілік!

"Жас қазақ күнделігі" мобилография байқауы