Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық академиялық кітапханасында түрколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» атты кітабының таныстырылымы өтті.
3 томдық сүбелі еңбекте Ұлы Даламызда билік құрған түркі жұртының тіл әдебиет, философия, салт-дәстүр мен тағы басқада мұралары толық қамтылған. 2001 жылы атажұртқа ат басын бұрған ғалым ұрпақ үшін өшпейтін із қалдырды. Ғылыми зерттеулерімен қазақ тарих ғылымының дамуына өз үлесін қосты.
Саналы ғұмырын ғылым саласына арнаған өнегелі жолыңыз қазақ жеріндегі барлық жастарға үлгі болары сөзсіз. «Отандастар қоры» атынан қызметіңізге табыс, отбасыңызға амандық тілейміз!