Сапар барысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұлы Мемлекеттік Хурал депутаттарымен және Моңғолиядағы қазақ зиялыларымен кездесті. Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Моңғолиядағы қазақ қауымдастығына белгілі қазақстандық жазушылардың, ақындар мен ғалымдардың 5000 көркем кітабы табысталды. Бұл мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтудың және шетелдегі қазақтарды қолдаудың жарқын үлгісі болды.
Моңғолияда тұратын қазақтардың ана тілі мен мәдени болмысын сақтау маңыздылығы ерекше аталып өтті. Жобаны Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Отандастар қоры» КеАҚ бірлесіп жүзеге асырды.