Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Еуропа төрінде өткен айтулы шараға «Отандастар қоры» да атсалысты.
Берлин қаласында ұйымдастырылған «Еуразия ақындары» атты кешке Қазақстанның Германиядағы елшісі Дәурен Айтбайұлы мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Елімізден арнайы барған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова, Абайтанушы Омар Жәлелұлы және басқада өнерпаздар жырақтағы қандастарға елің ыстық сәлемін жеткізді.
Атажұрттан алыста жатқан ағайын бұл-бұл көмей әнші мен дәулескер күйшілеріміздің өнерін тамашалап, туған жерге деген сағынышы басылғандай болды. Өнерді бағалаған өрелі жұрт қазақ елі мен өнерпаздарына қол соғып, ризашылық білдірді.