2025 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің (ХАК) төрағасы Айбек Смадияровтың қатысуымен «Отандастар қоры» КеАҚ ұжымымен жұмыс кездесуі өтті.
Жиынға «Отандастар қоры» президенті Данияр Қадыров пен Қоғам қызметкерлері және ХАК жауапты мамандары қатысты. Кездесу барысында шетелдегі отандастар мен қазақ диаспорасы өкілдерімен жұмыстарды жүзеге асыру барысы мен алдағы жоспарлар талқыланды.