Ақынын ардақтаған ауыл

23 Мамыр 2025

Науаи облысы, Кенимех ауданында ел сүйікті ақыны, ұстаз, журналист Наурызбай Жарбосынұлының шығармашылығына 40 жыл толуына орай «Поэзия пырағы» атты әдеби кеш өтті. Шара Балалар музыкасы мен өнер мектебінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Қызылқұмның төл перзенті Наурызбай ақынның өлеңдері елдік рух пен туған жерге деген махаббатқа толы. Оның жырлары Өзбекстан мен Қазақстан басылымдарында жарық көріп, халықаралық мүшәйраларда топ жарып жүр. Ақын бүгінде туған ауылындағы мектепте тарих пәнінен сабақ береді.

Кеш барысында жергілікті ақындар, өнерпаздар, зиялы қауым мен жастар қатысып, Наурызбай ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Ақынға аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бұл кеш ауылдастарының өз ақынын құрметтеп, шығармашылығын биік бағалайтынын көрсетті.



Гүлдана НАРЫНБЕТОВА,
Науаи облысы, Кенимех ауданы

Ақынын ардақтаған ауыл