Кездесу барысында Абылайхан Қалназаров «Қазақ күшінің картасы» жобасын таныстырып, оның мазмұны мен мақсаттары туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, ол Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай жарық көрген екі томдық «Балуан Тас» кітабы туралы баяндап, бұл еңбектің тарихи маңызы мен тәрбиелік құндылығын шетелдегі қандастарға кеңінен насихаттау қажеттігін атап өтті.
Тараптар осы жобаларды шетелдегі қазақ қауымдастықтарына таныстыру, насихаттау және мазмұнды жұмыс жүргізу бойынша нақты жоспарлар мен бағыттарды талқылады.