«Отандастар қоры» өкілдері KazAID ұйымдастырған семинарға қатысты

15 Мамыр 2025

2025 жылғы 14 мамырда Астанада «Халықаралық журналистика: ресми даму көмегі» атты семинар өтті. Шараға журналистер, медиа сарапшылар мен даму саласындағы мамандар жиналды.

Семинар барысында Қазақстанның Халықаралық даму агенттігі – KazAID қызметі мен негізгі жобалары таныстырылып, ресми даму көмегінің (Official Development Assistance) халықаралық маңыздылығы мен оның БАҚ арқылы қоғамға дұрыс жеткізілу жолдары талқыланды.

Семинарға «Отандастар қоры» КЕАҚ Баспасөз хатшысы Алжан Шарипов пен медиа-менеджер Айдана Керимбаева қатысты. Олар отандастармен жұмыс істеу саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, БАҚ-тың қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлін атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

KazAID ұйымдастырған бұл семинар даму тақырыбын кәсіби және сапалы жариялауға мүдделі журналистер үшін пайдалы алаңға айналды.

«Отандастар қоры» өкілдері KazAID ұйымдастырған семинарға қатысты