WBO Global, WBA International және WBC Asia титулдарына ие қазақстандық боксшылар Бүкіләлемдік бокс ұйымының рейтингінде жоғары (WBO) көтерілгені хабарланды.
Аталған тізімге орта салмақтағы WBO International белбеуінің иегері Қанат Ислам қосылды. Қытай елінен атажұртына атбасын бұрған қандасымыз бестен төртінші орынға, отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы бесінші орынға шықты. Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы сегізінші орыннан бір саты жоғарлап, жартылай орта дивизионда WBO Oriental титулы бар Нұрсұлтан Жаңабаев пен бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Жаңқош Тұраров өз орындарын сақтап қалды.
Боксшыларымыздың спорт жолындағы еңбегі барлық қазақ жастарына үлгі. Намысты боксшыларымыз ел абыройын одан әрі биікке көтереріне сенеміз!