2025 жылғы 13 мамыр күні «Отандастар қоры» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) президенті Данияр Қадыров пен Қазақкент Алтай қоғамы (KazakDer) өкілі Жанымхан Жаналтай кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Түркиядағы қазақ диаспорасының жағдайы, ұлттық-мәдени жұмыстардың барысы және алдағы бірлескен жобалар жайында пікір алмасты. Жанымхан Жаналтай KazakDer ұйымының қызметі мен бастамалары туралы жан-жақты ақпарат беріп, диаспора өкілдерінің ұсыныстары мен қажеттіліктерін бөлісті.
Сондай-ақ кездесуде Ыстамбұл қаласында Қоғамның қолдауымен және KazakDer ұйымының ұйытқы болуымен өткізіліп жатқан домбыра үйірмелерінің маңыздылығы атап өтілді. Бұл үйірмелер жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, қазақ мәдениетін насихаттауда маңызды рөл атқарып отыр. Тараптар мұндай жобаларды тұрақты негізде жалғастыру қажеттігі жөнінде ортақ пікірге келді.
Данияр Қадыров Қоғам тарапынан шетелдегі қазақтарды қолдауға бағытталған жобалар, оның ішінде білім беру, мәдениіс-шаралар мен ақпараттық қолдау бағытындағы бастамалар жөнінде айтып, KazakDer ұйымымен әріптестікті одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді.