2025 жылғы 17 мамыр, сенбі күні Париждегі UNESCO ғимаратында қазақ және қырғыз суырыпсалма ақындарының қатысуымен айтыс өтеді.
Әр елден бірнеше үздік ақындар қатысатын бұл кездесуге Франция мен Еуропадағы барлық қазақ және қырғыз бауырларымызды шақырамыз!
Кездесу сағат 15:00-де басталады. Кіру тегін, бірақ алдын ала тіркелу қажет. Ол үшін суреттегі QR-кодты пайдаланыңыз.
Баршаңызды осы мәдени шараға қатысып, Париждегі UNESCO сахнасындағы бірегей айтысты бірге тамашалауға шақырамыз