Ұлттық кітап күні құтты болсын!

23 Сәуір 2025

Кітап – халықтың рухани тірегі, мәңгілік мұрасы. Ұлы Дала төсінде тамырын тереңге жайған жазу мен сөз өнері – ұлттың жаны мен жүрегі. Әр кітап – уақыт пен кеңістіктен озған даналықтың үні, әр парақ – сананы байытатын қазына.

Осы мерейлі күнде барша қаламгер қауымды, оқырманды Ұлттық кітап күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

“Отандастар қоры” КеАҚ “Ұлы Дала” жобасы аясында соңғы екі жылда шетелдегі қазақ ақын-жазушыларының 20-ға жуық еңбегін басып шығарды. Бұл игі бастама алыста жүрсе де, туған топырағына деген сағынышын жырға қосқан қандастар шығармашылығын кеңінен таныстыруға бағытталған.

Жоба жалғасын тауып, жаңа шығармаларды іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Құрметті қаламгерлер, өз еңбектеріңізді 2025 жылдың 1 мамырына дейін жолдауларыңызға болады.

Қаламыңыз ұштала берсін, рухани қазынамыз молайып, Ұлы Дала үні әлемге тарай берсін!

Ұлттық кітап күні құтты болсын!