1-Мамыр – Қазақстан халқының бірлік күні

01 Мамыр 2025

Бұл мереке – еліміздегі ынтымақ пен татулықтың, достық пен өзара құрметтің символы. Қазақстан халқының бірлігі күні 1996 жылдан бері мемлекеттік мереке ретінде атап өтіліп келеді. Содан бері бұл күн түрлі ұлттар мен ұлыстарды біріктіретін маңызды мейрамға айналды.

Бүгінде жүзден астам этнос өкілдері ортақ Отанымыз – Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, елдің дамуына бірлесе үлес қосып келеді. Бұл – бірлік пен тұрақтылықтың нақты нәтижесі.

Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз баянды болсын!
Қазақстанымыздың аспаны ашық, болашағы жарқын болғай!

Мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

1-Мамыр – Қазақстан халқының бірлік күні