2025 жылғы 5-7 мамыр аралығында Өзбекстанның Шыршық және Зарафшан қалаларында Қазақ ұлттық мәдени орталығы мен «Отандастар қоры» КеАҚ бірлесіп ұйымдастырған білім беру саласындағы маңызды шара өтті.
Көрмеге Қазақстанның беделді 12-ге жуық жоғары оқу орны қатысып, Өзбекстандағы жастарға өздерінің білім беру бағдарламаларын таныстырды. Іс-шараға 300-ден астам оқушы мен ата-ана қатысып, қазақстандық білім беру жүйесі туралы толық ақпарат алды.
Көрменің негізгі мақсаты:
- Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық пен білім саласындағы әріптестікті тереңдету;
- Өзбекстандағы қазақ диаспорасы өкілдеріне қазақстандық ЖОО-лар туралы кеңінен ақпарат ұсыну;
- Жас түлектерге Қазақстанда білім алу мүмкіндіктерін көрсету.
Қазақстандық білім – сапа мен болашаққа деген сенімнің нышаны!
«Отандастар қоры» КеАҚ Баспасөз қызметі