2025 жылғы 8 мамырда «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы жақында тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмас Сейтақыновпен кездесті
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықты, шетелдегі отандастармен байланыс пен мәдени-гуманитарлық серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ алдағы бірлескен жобалар мен бастамалар жөнінде пікір алмасты.
Данияр Қадыров Елшіні жаңа қызметімен құттықтап, табыс тілеп, ортақ мақсаттағы жұмыстың нәтижелі болатынына сенім білдірді.
«Отандастар қоры» КеАҚ Баспасөз қызметі