Қазақстандық білім күндері

18 Наурыз 2025

 Қазақстандық білім күндері Моңғолияда! 
ҚР Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КеАҚ ағымдағы жылдың 27-28 наурыз күндері Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында «Қазақстандық білім күндерін» өткізуді жоспарлап отыр!
Бұл іс-шара шетелдегі отандастарымыз үшін Қазақстандағы жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат алу мүмкіндігін ұсынып, қатысушыларға Қазақстанда оқу үшін қажетті ақпарат пен қолдау көрсетеді. 
Еліміздің 20-дан астам жоғары оқу орны қатысып, білім алу жолдарын түсіндіреді және шетелде тұратын жастардың еліміздегі білім беру мекемелеріне баруын жеңілдетуге ықпал етеді.
Бұл шара шетелдегі жастарға еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктерін кеңінен таныстырып, олардың болашақта Қазақстанда оқуына қызығушылықтарын арттырады. 
Бұл іс-шара еліміздегі білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін таныстырумен қатар, халықаралық деңгейде білім алу жолында үлкен қадам жасатуға септігін тигізеді.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Қазақстандық білім күндері