Қазақстан әйелдер құрамасының боксшысы Елдана Тәліпова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші орынды иеленді.
Қазақстандық боксшы 81 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.
Отандасымыз финалда Қытай спортшысы Чжан Иляньмен жұдырықтасты. Төрешілердің шешімі бойынша Чжан Илянь басым түсті.
Осылайша Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (50 келі) және Аида Әбікеева (63 келі) алтыннан алқа тақса, Виктория Графеева (60 келі) күміс, Наталья Богданова (70 келі) қола жүлде иеленген еді.
Дереккөз: olympic.kz