Қандасымыз, талантты боксшы Салтанат Серіковна Меденова Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында 81 кг салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.
Салтанат 2001 жылы 27 сәуірде Омбы (Ресей) қаласында дүниеге келген. Ол бокстан Ресейдің үш дүркін чемпионы, халықаралық және ұлттық турнирлердің жеңімпазы, сондай-ақ Еуропа чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері.
Жеңісің құтты болсын, Салтанат!