Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: Аида Әбікеева алтын медальға ие болған үшінші қазақстандық атанды

17 Наурыз 2025

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Аида Әбікеева (63 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды.

Отандасымыз ақтық сында таиландтық Тананья Сомнуекпен қолғап түйістірді. Аида Әбікеева үш раунд бойы жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетті. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңді.

Құттықтаймыз!

Дереккөз: olympic.kz

Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: Аида Әбікеева алтын медальға ие болған үшінші қазақстандық атанды