Алуа Балқыбекова тұңғыш рет бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті

17 Наурыз 2025

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Алуа Балқыбекова (50 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты.

Қазақстандық финалда қытайлық Ху Мэиймен кездесті. Жақсы қорғана білген Алуа, шабуылда да дәлдігімен көзге түсті. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Құттықтаймыз!

Дереккөз: olympic.kz

Алуа Балқыбекова тұңғыш рет бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті