«Отандастар қоры» КЕАҚ-тың Фронт-офистерінің және 1404 нөміріндегі Байланыс орталығының жұмысы күн өткен сайын қарқын алып келеді. Осы орайда өткен апта қорытындысы бойынша Фронт-офистің барлық облыстағы филиалдарына 53 өтініш келіп түссе, Байланыс орталығына 61 қандас бауырымыз қоңырау шалған.
Өтініштер бойынша Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысы мен Семей қаласы ең жоғарғы көрсеткіш көрсетіп, көш басында келеді. Келіп түскен сұрақтардың 70% ықтияр хат алуға байланысты. Енді осы бағытта жұмыс жалғасады.
Қазақстанның 10 облысында ашылған Фронт-офистер мен Бірыңғай байланыс орталығы (1404 телефоны) өтініш қабылдау жұмысын ары қарай жалғастырып, қандастарымызға көмектесуге барынша атсалысады.