Моңғолиядағы қазақ жастары шахмат додасын ұйымдастырды
- Моңғолиядағы ерікті қазақ жастары Дэлүүн сұмынында тұратын қазақ оқушылары арасында шахмат бәсекесін ұйымдастырды. Бұл шара ұлттық интелектуалдық ойындарды дамыту, қазақ жастарының логикалық ойлау қабілетін шыңдау және достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілді.
-
- Турнир Дэлүүн сұмынының толық орта мектебінде өтті және 130-дан астам оқушы қатысып, өз шеберліктерін сынға салды. Жарыс үш кезеңнен тұрды: бастауыш, орта және жоғарғы сынып оқушылары арасында.
-
- Отандастар қоры бұл шараны қолдау мақсатында үш жас шахматшыға «Jas Qazaq» жазғы этно-танымдық лагеріне жолдама сыйлады.
-
- Жарыс жеңімпаздары:
-
- Бастауыш сыныптар (1-5 сыныптар)
- Қатысушылар саны: 64
- 1-орын – Әділбек Ермағамбет
- 2-орын – Әділбек Айжұлдыз
- 3-орын – Салдатбек Абай
-
- Орта сыныптар (6-9 сыныптар)
- Қатысушылар саны: 32
- 1-орын – Сайлау Нұржас
- 2-орын – Руслан
- 3-орын – Айқын
-
- Жоғарғы сынып оқушылары (10-12 сыныптар)
- Қатысушылар саны: 34
- 1-орын – Х. Бекарыс
- 2-орын – Х. Нияз
- 3-орын – Т. Махамбет
-
- Жарысқа қатысқан барлық оқушыларды құттықтаймыз! Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады. Шахмат – ой өрісін кеңейтетін, шешім қабылдау дағдыларын дамытатын интеллектуалды спорт.
-
- Отандастар қоры қазақ жастарының білім алуына, зияткерлік қабілеттерін шыңдауына әрдайым қолдау көрсетеді!