Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай "Абайдың асыл сөздері" әдеби туындылар байқауы

Кеше

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай Отандастар қоры және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесе ұйымдастырып жатқан "Абайдың асыл сөздері" байқауына қатысуға шақырамыз!

Байқауға Абай мұрасына арналған өлеңдер, эсселер, қара сөздеріне талдаулар, әңгімелер және басқа да шығармалар жолдауға болады. Жұмыстың көлеміне (бет санына) шектеу жоқ.

Конкурсқа 12-17 жас аралығындағы шетелде тұратын этникалық қазақ балалар қатыса алады.

Қатысушылар жұмысымен бірге өздері туралы мына ақпараттарды міндетті түрде жолдауы керек: аты-жөні, мемлекеті, жасы, байланыс телефондары.

Қатысушының жұмысы «Word» немесе «PDF» форматында (шрифт Times New Roman, кегель 14, жоларалық интервал - 1) болуы керек.

Автор жұмысын ұйымдастырушылардың БАҚ, жинақтарда, жариялауына рұқсат береді.

Байқауға жұмыстар 2025 жыл 1 сәуірге дейін fund.otandastar@gmail.com электронды поштада қабылданады.

Сыйлықтар:

1. Үздік 10 қатысушыға «Жас қазақ - 2025» жазғы этно лагеріне жолдама беріледі.

2. Үздік деп танылған жұмыстар 2025 жылы Отандастар қорының "Ұлы Дала" сериясымен басып шығаратын "Абай тағылымы" жинағына енеді.

3. Үздік 10 қатысушыға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі АБАЙ академиялық жинағы сыйға беріледі.

Жолдама қатысушылардың 2 апта лагерьде білім алуын, жатын орнын, тамақтануын және әртүрлі іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді. Лагерьге келу және қайту жол қаражаты қатысушының 
өз есебінен төленеді.

ЕСКЕРТУ: Отандастар Қоры 2019-2024 жылдары ұйымдастырған “Жас Қазақ” лагеріне қатысқан қатысушылар байқауға қатыса алмайды

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай "Абайдың асыл сөздері" әдеби туындылар байқауы