Байқауға 12-17 жас аралығындағы шетелде тұратын қазақ балалар қатыса алады;
Байқауға қатысу үшін Оразақын Асқардың кез-келген өлеңін оқып, бейнежазбаға түсіріп, аты-жөні, мемлекеті, байланыс нөмері, туған жыл, ай, күнімен бірге Oq.govkz@gmail.com эл-поштасына 2025 жыл 1 сәуірге дейін жіберу керек.
Қатысушы бейнежазбасының Отандастар қорының әлеуметтік желілеріне жариялануына келісім беруі керек.
Ұзақтығы 1-5 минут аралығында болуы қажет.
Бейнежазбаның сапалы және дауыстың анық естілуі міндетті.
Қатысушы жанды дауыста өнер көрсетуі керек.
Киім үлгісінде қазақы элементтер болуы тиіс.
Үздік 10 қатысушыға «Жас қазақ - 2025» жазғы этно лагеріне
жолдама беріледі.
Жолдама қатысушылардың 2 апта лагерьде білім алуын, жатын орнын, тамақтануын және әртүрлі іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді. Лагерьге келу және қайту жол қаражаты қатысушының өз есебінен төленеді.
ЕСКЕРТУ: Отандастар Қоры 2019-2024 жылдары ұйымдастырған “Жас Қазақ” лагеріне қатысқан қатысушылар байқауға қатыса алмайды