«Отандастар қоры» КеАҚ мен ПБК «Астана» қандастар арасында баскетбол турнирін ұйымдастыруды талқылады

27 Ақпан 2025

 «Отандастар қоры» КеАҚ және ПБК «Астана» баскетболдан қандас студенттер арасында турнир ұйымдастыру мәселесін талқылады. Кездесу барысында тараптар екі ұйым арасындағы серіктестікті нығайту және өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігін қарастырды.

Аталған бастама Қазақстанда білім алып жүрген  қандас студенттерімізді спорт арқылы біріктіруді, салауатты өмір салтын насихаттауды және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

Турнир 2025 жылдың сәуір айында өтеді деп жоспарлануда. Бұл іс - шара қандас студенттерімізді еліміздің қоғамына бейімделуіне ықпал ететін маңызды спорттық бастамалардың бірі болмақ.

«Отандастар қоры» КеАҚ өкілдерінің айтуынша, турнир қандастардың басын біріктіріп, олардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға мүмкіндік береді. Ал ПБК «Астана» бұл бастаманы қолдап, спортшыларды дайындау және ұйымдастырушылық мәселелерге атсалысуға дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты дамыту және турнирді жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеуге келісті.

«Отандастар қоры» КеАҚ мен ПБК «Астана» қандастар арасында баскетбол турнирін ұйымдастыруды талқылады