«Отандастар қоры» КеАҚ «KazAID» КеАҚ-на Ұлы дала сериясымен жарық көрген кітаптарды сыйға тартты

Кеше

 «Отандастар қоры» КеАҚ «KazAID» КеАҚ-на, қазақ халқының мәдени мұрасын дәріптейтін «Ұлы дала» сериясымен жарық көрген кітаптарды ресми түрде тарту етті.

Бұл бастама қазақ мәдениетін әлемге таныту және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Отандастар қорының Басқарма төрағасы атап өткендей:

«Бұл кітаптар біздің тарихымызды, мәдениетімізді және рухани байлығымызды кеңінен танытуға үлес қосады. Әсіресе, шетелде тұратын қандастарымыз үшін ұлттық сана мен дәстүрлерімізді сақтаудың маңызы зор.»

«KazAID» КеАҚ өкілдері де жобаның Қазақстанның халықаралық мәдени ынтымақтастығын нығайтудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Ұлы дала» сериясы қазақ әдебиеті, тарихы, өнері мен дәстүрлерін қамти отырып, ұлттық рухани жаңғыруға жаңа серпін береді.

«Отандастар қоры» КеАҚ «KazAID» КеАҚ-на Ұлы дала сериясымен жарық көрген кітаптарды сыйға тартты