Моңғолияда үздік шабандоздар марапатталды: қазақ балалары да үздіктер қатарында

20 Ақпан 2025

Моңғолия Ат спорты, Атбегілер Одағы (Бәйге федерациясы) жылдың «Үздік шабандоздарын» марапаттады. Жеңімпаздардың қатарында 22 шабандоздың ішінде екі қазақ баласы да бар.

Марапатталған шабандоздарға 2025 жылдың тамыз айында Қытайдың Хөх хот – Жининь қалаларына саяхаттау жолдамасын Моңғолия Бәйге федерациясының президенті Д.Дагвадорж табыстады.

«Үздік шабандоз» атағын иеленген қазақ балалары:

🔹 Жанарбекұлы Дырдубай – Баян-Өлгий аймағы Ногооннуур сұмынының тумасы, Өлгий қалалық №1 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы.

🔹 Салтанатұлы Жансерік – Улаанбаатар қалалық №156 мектебінің 4 сынып оқушысы (9 жаста).

Айтулы марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Тақымдарың берік, тұлпарларың бәйгелі болсын!

Дереккөз: Мерғалым Хангелді

Моңғолияда үздік шабандоздар марапатталды: қазақ балалары да үздіктер қатарында