Ресейдің Алтай Республикасындағы Қосағаш ауылында «Қосағаш ауданындағы қазақ тілін оқытудың дамуы, мәселелері және болашағы» атты халықаралық конференция өтті.
Қосағаш ауданы білім беру басқармасы және Қосағаш қазақтарының жергілікті қоғамдық ұйымы ұйымдастырған іс-шараға «Отандастар қорының» өкілдері онлайн режимдегі телекөпір арқылы қатысты. «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов конференция қатысушыларына сәттілік тілеп, қор басшылығы қазақ тілін дамытуға бағытталған іс-шараларды әрдайым қолдап, оң бағасын беретінін жеткізді.
Конференция барысында дөңгелек үстел мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, «Отандастар қорының» жобасы аясында онлайн сыныптың ашылуы жоспарланған.