Қазан, 2025 жылғы 11 ақпан – Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулдығы Халықаралық ана тілі күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Шетелдік студенттер мен оқытушылардың қатысуымен «Калейдоскоп культур» жалпы білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған VI фестивальді мерекелеуге Татарстан Республикасының әртүрлі аймақтарынан 90-нан астам адам тіркелді.
Құттықтау сөзімен Қазан федералдық университетінің (бұдан әрі - ҚФУ) Филология және халықаралық коммуникациялар институтының директоры Радиф Замалетдинов, Қазақстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Татарстан Республикасының Сабинск муниципалды ауданының басшысы Раис Минниханов, Өзбекстан Республикасының Қазандағы Бас консулы Нодиржон Касимов, Иран Ислам Республикасының Қазандағы Бас консулы Давуд Мирзахани және басқалар сөз сөйледі.
Іс-шараға қатысушылар фестивальдің шет тілді білуге қызығушылықты қалыптастыру, дарынды шет тілдерін анықтау, дамыту және қолдау, білім алушылардың тілдерге, тарихқа, рухани мұраға, туған өлкенің және басқа да мемлекеттердің дәстүрлеріне қызығушылығын және оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткізілетінін атап өтті. Бұл іс-шараның Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы қарсаңында өтуінің символдық мәні бар.
ҚФУ университетінің 2-курс магистранттары Маржан Оқасова мен Айым Қонысбектің Абай шығармаларын ана тілінде орындауы жоғары бағаланды. Сонымен қатар, қазақ ою-өрнектері, кілемдердегі өрнектер, киімдер мен тұрмыс заттары туралы шеберлік сыныбы өткізілді. Қонақтарға қазақ ұлттық тағамдары ұсынылып, музыкалық шығармалар орындалды.
Іс-шараға Қазанда тіркелген шетелдік бас және құрметті консулдықтардың басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ іскер топтардың, БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Халықаралық ана тілі күні ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында 1999 жылы бекітілген болатын.