Түркиядағы «QAZAQ ELI» журналы «АLAMAN» халықаралық медиа байқауының жеңімпазы атанды.
Астанада ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен «АLAMAN» халықаралық медиа байқауының жеңімпаздары марапатталды. Іс-шара Бас редакторлар клубы мен Ұлттық Медиа қауымдастығының қолдауымен өтті.
Қауымдастық президенті Исламбек Салжанов, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық спорт түрлерін дамытуға әрқашан шынайы ықылас танытып, айрықша қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар ұлттық спорттың кең насихатталуына БАҚ өкілдерінің сіңірген еңбегіне тоқталды.
«Ұлттық спорт түрлері осы уақытқа дейін қарқынды даму үстінде. Қауымдастық екі жылда ұлы құндылықтарды ұлықтау ісінде аянып қалған жоқ. Түрлі республикалық және халықаралық жарыстар мен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спорттың абыройын одан әрі биіктете түсті. Осы орайда халыққа ақпарат таратып, ұлттық спорттың қыр-сырын насихаттаған БАҚ өкілдеріне алғысымды айтамын».
Байқауға 200-ден аса материал түсті. Қазылар алқасында белгілі журналистер мен депутаттар болды. Жеңімпаздар жеті номинация бойынша анықталды:
Жеті номинация бойынша жеңімпаздар реті мынадай:
1. «Үздік бағдарлама» (телевизия, радио)
1-орын - «Бақ пен бап» бағдарламасының режиссері Ершат Қожатаев. («Qazsport» телеарнасы);
2-орын - «Жылқы жыры» хабарының жүргізушісі Бағдат Қапбасов. (Шалқар радиосы);
3-орын -«Дүлдүлдер дүбірі» бағдарламасының режиссері Азамат Жанасбаев («Хабар» агенттігі).
2. «Үздік аналитикалық материал» (дәстүрлі баспасөз: газет, журнал)
1-орын - «Дүниеге естіледі дүбірі» атты мақаланың авторы Қуаныш Нұрданбекұлы («Egemen Qazaqstan» газеті);
2-орын - «Школа национальных видов спорта села Заречное набирает популярность» атты мақаланың авторы Нуртазин Асхат Абул-Кадырович («Наш Костанай» газеті»);
3-орын - «Ұлттық спорт – ұлттық идеология» атты мақаланың авторы Наурызбек Саршаев(Республикалық қоғамдық-саяси "AIQYN" газеті).
3. «Үздік танымдық материал» (интернет, БАҚ)
1-орын - ұзақ мерзімді жүйелі жарияланымдар үшін Ержан Жаубай(«Арғымақ» ұлттық танымдық порталы);
2-орын - «Сакральные асыки и свадьба на конях: какие секреты таят в себе казахские виды спорта» аты мақаланың авторы Кожухарь Владислав Владимирович. («CARAVAN.kz медиа-порталы» ақпарат агенттігі);
3-орын - «Бәйге арқылы отбасымды асырап отырмын – атбегі» атты мақаланың авторы Алтынбек Мерсадық («Aikyn.kz» ақпараттық порталы).
4. «Үздік сұхбат» (YouTube арна)
1-орын - «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» алдындағы дайындық және өтуі туралы сұхбаттар циклі үшін Қаженов Аслан Сахипеденұлы («Хабар» Агенттігі» АҚ, «24KZ» телеарнасы);
2-орын - «Бәйгеден ҚР чемпионаты туралы бағдарламар циклі»үшін Калимурзина Фариза Мұсақызы(«Baibolsyn» ақпараттық порталы);
5. «Үздік фотосурет» (БАҚ, әлеуметтік желі)
1-орын -ұлттық спорт туралы фотосуреттер легі үшін Мақсат Шағырбай («Казинформ»агенттігі);
2-орын - «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» туралы фотосуреттер үшін Станислав Филиппов (стрингер);
3-орын - «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап...» атты сурет үшін Таныбаев Талгат Турарович(ТОО «Қызылжар ақпарат»).
6. «Шетелдік БАҚ-та жарияланған үздік материал» (қазақтың ұлттық спорты туралы)
1-орын - Ұлттық спорт туралы материалдар легі үшін Қожабаева Динара Абылайқызы(«Қазақ елі» журналы, Түркия);
2-орын - «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» туралы репортаждары үшін Салыбай Жанар(ТRT-нің (Түрік телерадиокомпаниясы) Қазақстандағы өкілдігі);
3-орын - «Три ступни и пять камней: что общего в играх казахов, австралийцев и европейцев?» атты материалы үшін Джиенгулова Майра Кенжебаевна («МИР24» ақпараттық-аналитикалық интернет-портал).
7. «Әлеуметтік желідегі үздік материал» (блогинг, мобилография).
1-орын - «Көкпар мен көк-бору туралы» материал үшін Резванцев Иван Александрович. («Дядя Ваня» телеграм-каналы);
2-орын - Ұлттық спорттағы қыздар туралы материалдар легі үшін Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы;
3-орын - «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» туралы материалдары үшін Қайнар Олжай;