Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы "Тәжен" өткізу бекеті 1 ақпаннан бастап үш айға жабылады.
МКК хабарлауынша, ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында орналасқан кеден бекеттерінде Қытай, Өзбекстан және Түрікменстанмен шекарадағы тоғыз автомобиль өткізу пунктін толыққанды жаңғырту жалғасып жатыр.
"Өзбек тарапымен келісім бойынша (ноталар алмасу арқылы) жеке тұлғалардың "Тәжен" өткізу пунктін кесіп өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 3 айға бекетті қайта жаңарту кезеңінде жеке тұлғалардың өтуі, сондай-ақ жеңіл автокөліктің, автобустардың және 3,5 тоннаға дейін жүк көлігінің өтуі "Тәжен" (ҚР) - "Даут ата" (ӨР) өткізу пункттері арқылы уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты жеке тұлғалардың, жеңіл автокөліктердің, автобустар мен 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктерінің ағынын Қазақстан-өзбек шекарасында орналасқан келесі өткізу пункттері арқылы қайта бөлінеді:
"Жаңғырту аяқталғаннан кейін өткізу пункттерінің инфрақұрылымы жақсарады, жеке тұлғалардың шекарадан ыңғайлы өтуі және тауарлар мен көлік құралдарының шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін сапалы жүргізу үшін барлық жағдай жасалады", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.
Дереккөз: Massaget