14 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы əкімінің орынбасары Алма Нұрғалиева мен Бәйтерек ауылының шетелден көшіп келген қандастар арасында кездесу өтті.
Қандастардың басты мәселелеріне қатысты ішкі саясат және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, жұмыспен қамту орталығының, миграциялық полиция, тілдерді дамыту мен мәдениет бөлімдерінің мамандары және 19 ауылдық округтің әкімдері қатысты.
Әр сала бойынша қойылған сұрақтарға мамандардан толыққанды мәлімет алынды. Шешілмеген мәселелер де аудан басшысының орынбасары тарапынан арнайы қаралатын болды.