Еуропадағы қазақ жастарының басқосуы өтеді

18 Ақпан, 2020

«Отандастар қоры» КЕАҚ жанынан құрылған «Жас Қазақ» халықаралық қазақ жастар клубы мен Еуропа жастары арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. «Отандастар қоры» Германия, Голландия, Дания елдеріндегі Қазақ Мәдени Орталықтарымен бірлесіп, 2020 жылғы 28 наурызда Кёльн қаласында Еуропа жастарының конференциясын өткізбек.

Еуропада туып өскен қазақ жастары бұл басқосуда Қазақстан үкіметінің білім беру бағытындағы жаңа жобаларымен кең таныстырылмақ. Әр елдегі жастар өздері тұратын елдегі түрлі салалардағы озық тәжірибелерді Қазақстанға әкелу жолдарын пысықтайды.

Кёльн (Sadiye Sürer Kuscu), Берлин (Beserithan Malabakan), Голландия және Дания Қазақ Мәдени Орталығы (Nur Arman Ayoubi) ұйымдастырған шараға 150-ге тарта жас қатыспақ.

Еуропадағы қазақ жастарының басқосуы өтеді