Берлинде Абай кеші өтеді

17 Ақпан, 2020

Халықтар достығы мен ұлттық мәдениетіміздің дамуын қолдау «Астана» қорының ұйымдастыруымен, Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай Берлин қаласында «Еуразия ақындары» атты кеш өтеді.

Салтанатты шараға қазақ өнерінің көрнекті қайраткерлері Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы Омар Жәлелұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова жас өнерпаздардан күйшілер Дидар Басқараев пен Айман Нұрымбетова, қобызшы Гүлзия Стамбек, көркем сөз оқушы Айгүл Елекбаева қатысады.

​Қазақ өнерпаздары Ресей, Франция, Польша, Өзбекстан, Португалия, Венгрия, Түркия, Швеция және Финляндия елдерінен келген қонақтар алдында өнер көрсетеді.

Мерекелік кеш 2020 жылы 21 ақпан, 16:00-20:00 аралығында Franz-mehring-platz1, 10243 Berlin мекенжайында өтеді.

Мәскеу қаласы бойынша +7-963-711-56-56 (Whatsap) нөміріне хабарласып қосымша ақпарат алуыңызға болады.

Берлинде Абай кеші өтеді