"Отандастар қоры" КЕАҚ “І Халықаралық Түркі дүниесі жастары” форумының ашылуына қатысты

25 Қараша 2024

2024 жылғы 22 қарашада “Отандастар қоры” КеАҚ коммуникация және халықаралық ынтымақтастық департаментінің басқарушы директоры Ержан Мұқаш Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен “Түрксой” ұйымы тарапынан ұйымдастырылған “І Халықаралық Түркі дүниесі жастары” форумының ашылуына қатысып, Қоғам басшылығы атынан сөз сөйледі.

Форумға 25 мемлекеттен өз саласында жетістікке жеткен 150 шақты жас, соның ішінде түркітілдес елдердің шетелде тұратын диаспора өкілдері қатысты.

Е.Мұқаш өз сөзінде “Отандастар қорының” атқарып жүрген жұмысы, атап айтқанда, шетелдегі этникалық қазақ жастарымен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту бағытындағы іске асырылып жатқан маңызды жобалар туралы баяндап берді.

"Отандастар қоры" КЕАҚ “І Халықаралық Түркі дүниесі жастары” форумының ашылуына қатысты