Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) диаспора істеріне жауапты министрлері мен мекеме басшыларының 6-шы кездесуі 2024 жылғы 18 қарашада Ташкент қаласында өтті

19 Қараша 2024

Алқалы жиын Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігі жанындағы Ұлттар арасындағы қарым-қатынастар және шет мемлекеттермен достық комитетінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Жиынға ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Мерей Мұқажан, «Отандастар қорының» президенті Данияр Қадыров, Түркияның шетелдегі түріктер және бауырлас қауымдастықтар жөніндегі басқармасының басшысы Абдулла Ерен, Өзбекстанның Ұлттар арасындағы қарым-қатынастар және шет мемлекеттермен достық комитетінің төрағасы Рустамбек Құрбанов, Әзербайжанның мемлекеттік Диаспора комитеті төрағасының орынбасары Эльшад Алиев, сондай-ақ Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігінің диаспора істеріне жауапты бөлім басшысы Еркинбек Каримов қатысты.

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) диаспора істеріне жауапты министрлері мен мекеме басшыларының 6-шы кездесуі 2024 жылғы 18 қарашада Ташкент қаласында өтті