«Қалам мен қиял» байқауы / жазғы лагерге жолдама / Гүлнұрма Санайқызы

11 Қараша, 2024

Санайқызы Гүлнұрма
Баян-Өлгей аймағы Цэнгэл сұмыныны, 16 жаста

 

«Ата-мекенге сағыныш»

 

Көк аспанда қалықтаған бір арманым,

Жазғы лагерьге жетем бе?- деп жолдағаным.

Екі жыл бойы тағатсыз күткен тәтті үмітім,

Бірақ, бағы шаппай жолда қалған бұл арманның.

Жасыл орман , көгілдір көл , гүлді далам,

Мейірімі сырға толы нұрлы ғалам.

Күлімсіреп күткендей мені ата- мекен,

Қиялменен шабыт берді әсем қалам.

Қалам ұстап, жүрегімнен шықты жырым,

Жазған едім арманымның бір сырын.

Жетпесе де сол бір мекенге аяғым,

Сағыныш пен ашылды жаңа бір қырым.

Бір күні барармын, сол лагерьде болармын,

Арманымның асқақ шыңына бір қонармын

Әсемдігін ата мекеннің шын сезініп,

Қаламменен естелік қылып мәңгіге жазармын!

«Қалам мен қиял» байқауы / жазғы лагерге жолдама / Гүлнұрма Санайқызы