"Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша оқу курсынан өткен қазақстандықтар өз бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 1 476 800 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алуға үміттене алады. Бұл гранттар ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген және бизнесін тіркегеніне 3 жылдан аспаған, әлеуметтік осал топтарға жататын жеке кәсіпкерлерге беріледі.
Жыл басынан бері барлығы 8 941 грант берілді, ал грант алушылардың қатарында көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Әсіресе, қандастарды қолдауға ерекше назар аударылды – 35 қандас өз бизнесін дамыту үшін осындай гранттарға ие болды.
Айта кету керек, бұл гранттарды тұтынушылық мақсатта, несиелерді өтеу үшін немесе жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайдалануға болмайды, яғни олар тек кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
#Қандастар #Гранттар #БастауБизнес #БизнестіҚолдау #ӘлеуметтікКөмек
Дереккөз: nur.kz