Қандастар қамқорлықсыз қалмайды

09 Қазан 2024
  • Жыл басынан бері тарихи отанына 12 325 этностық қазақ оралды. Ал 1991 жылдан бері қарай есептесек, елімізге 1 млн 140,7 мың бауырымыз елге оралыпты.
  •  
  • Елге қоныс аударған 12 325 қандасымыздың пайызға шаққанда ең көбі Қытайдан қоныс аударған екен, яғни олар 45,6 пайыз болып отыр. Түрікменстан жерінен оралғандар 5,5 пайыз болса, көршілес Өзбекстаннан келгендер 39,2 пайызды көрсеткен. Ал олардың ішінде еңбекке қабілетті жастағылар 58,2 пайызды, қарттар 9,4 пайызды, 15 жастан кішілер 32,4 пайыз. 
  •  
  • Елге табан тіреген қандастарымыз Қазақстанның түкпір-түкпіріне қоныс­тандырылды. Ал оларды орналастыруға Шығыс пен Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Абай өңірлері арнайы квоталар бөлген. Өйткені бұл қалаларға жұмыс күші аса қажет. Сол үшін қандас бауырларымыздың жағдайының жақсы болуын басты назарға алып отыр. Осы өңірлерде 3 033 адамға квота бөлінсе, оның қазір 2 127-сі игерілген. Қандастарымыздың әрқайсысына арнайы квота қарастырылып, отбасыдағы әрбір адамға 258 мың теңге, яғни 70 айлық есептік көрсеткіш есебінде ақы төленеді. Одан бөлек жаңадан келген үйді жалдауға  53 000 мен 110 000 теңгеден берілу қарастырылған. 2024 жылдың басынан осыған дейін 551 адам жұмысқа орналастырылған. Ал жалпы саны 1 948 этностық бауырымыз түрлі көмек алған. 
  •  
  • Қазір солтүстік аймақтарға қандастарымызды, өзге де тұрғындарды тарту мақсатында оларды түрлі қолдау шаралары ұсынылды. Мәселен, енді 4,28 миллион теңге немесе тұрғын үй құнының 50 пайызын солтүстік өңірлердің жаңа қоныс аударушыларына қайтарымсыз қаражат есебінде сыйға тартпақ.
  •  
  • Жалпы алғанда, мұның барлығы 2023 жылғы «Бір терезе» қанатқақты жобасы бойынша іске асырылды. Оның аясында қандастар енді елге кірмей тұрып-ақ, алдын ала тұрғын үй, оқуға қатысты басқа да мәселелерін алыстан шеше алады. Ал дәл қазіргі күні 17 158 қазақ ел территориясына келмей-ақ, «қандас» мәртебесіне өтініш берді. 
  •  
  • Элеонора ӘЗІРЖАН
  • Дереккөз: anatili.kazgazeta.kz
Қандастар қамқорлықсыз қалмайды