Алматыда «Отандастар қорының» Бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің меңгерушісінің орынбасары Анас Баққожаев және Қатынастарды ақпараттық қолдау орталығының меңгерушісі Болат Зауытұлы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының және «Отандастар қорының» Алматы қаласындағы фронт-офис қызметкерлерімен кездесіп, жұмыс барысымен танысып, ой-пікір бөлісті.
Сонымен қатар шеттен келген қандастарымыздың құжаттарын реттеу, қандас статусын алу, жұмыспен қамту, әлеуметтік және психологиялық жәрдем көрсету бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға Алматы қаласының Әлеуметтік және әл-ауқат басқарма бастығының орынбасары Данияр Әлкебайұлы, Көші-қон және миграция бөлімінің меңгерушісі Мырзан Миятұлы және т.б. мамандар қатысты. Жиналғандар шеттен келген қандастарымыздың шешімін таппай жүрген сұрақтары мен мәселелерін талқылап, ұсыныстарын айтып, шешу жолдарын қарастырды.