2024 жылдың 13 қыркүйегінде Алматы қаласында шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлерді біріктіретін «Отандастар» бизнес форумының салтанатты ашылуы өтті. Форум қатысушылары мен қонақтарына «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров құттықтау сөзін жеткізді.
Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының орынбасары Сұлтанғали Кинжақұлов, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, ШОБ-тің экспорттық акселерациясы департаменті директорының орынбасары Дәуір Шығанбаев, «Almaty Business Development Company»-дың Бизнес-ортаны талдау департаментінің директоры Нариман Ибрагимов, Алматы қаласы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалы директорының орынбасары Әділ Түменбаев бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берді.
Форумда қатысушылар бизнес саласындағы мәселелерді талқылап, шетелдегі және қазақстандық кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша пікір алмасады.