Нұрдәулет Жұмағали Париждегі Паралимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанды

06 Қыркүйек 2024

Қазақстан паралимпиадалық құрамасының мүшесі Нұрдәулет Жұмағали Париждегі Паралимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанды 

Ол 100 метрге брасс  әдісімен жүзудеен күміс медаль жеңіп алды (SB13 санаты). Айта кетелік, финалға дейінгі іріктеуде қазақстандық спортшы Азия рекордын орнатқан еді. 

Жұмағали өз мансабында екінші рет Паралимпиада жүлдесін алып отыр. Токио ойындарында қазақстандық спортшы қола медаль иеленген болатын. 

Дереккөз: olympic.kz

Нұрдәулет Жұмағали Париждегі Паралимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанды