Дастан Мұқашбеков Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды

05 Қыркүйек 2024

Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті медаль түсті. 

Қазақстан командасының мүшесі Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола жүлдегер атанды. Ол өзінің ең үздік мүмкіндігінде ядроны 16 метрге лақтырды. 

Бұл қарағандылық спортшының Паралимпиада ойындарындағы алғашқы жүлдесі.

Париждегі Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы әзірге үш медаль еншіледі. 

Давид Дегтяров пара пауэрлифтингтен чемпион атанса, Еркін Ғаббасов нысана көздеуден күміс, Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола медаль жеңіп алды. 

Дереккөз: 1bol.kz

Дастан Мұқашбеков Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды