Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2024 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау уақыты 10 қыркүйекке дейін ұзартылды

29 Тамыз 2024
  • 🗓️Конкуртық жұмыстар 2023 жылдың 7 тамызы мен 2024 жылдың 11 тамызы аралығында республикалық, өңірлік және халықаралық баспа және интернет-басылымдарда жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады.
  •  
  • 🌐Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:
  • ❇️Жылдың үздік сұхбаты
  • ❇️Жылдың үздік репортажы
  • ❇️Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
  • ❇️Жылдың үздік журналистік зерттеуі
  • ❇️Жылдың үздік аналитикалық материалы
  • ❇️Жылдың үздік жаңалықтар порталы Радиостанциядағы үздік жоба ❇️Жылдың үздік фотосуреті
  • ❇️Үздік өңірлік БАҚ
  • ❇️Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында)
  • ❇️Үздік подкаст
  • ❇️Үздік YouTube каналы
  •  
  • Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына «ҮРКЕР» - 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.
  •  
  • «URKER» - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.
  •  
  • Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2024 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау уақыты 10 қыркүйекке дейін ұзартылды